Өзгерісті адамдар жасайды
Ойды жұмыс істейтін нәтижеге айналдыратын инженерлер, кәсіпкерлер, басшылар және командалар. Бізге қосылыңыз.
Ойын ережесін өзгертетін жұмыс
Сегіз компанияның әрқайсысының өз өнімдері, клиенттері мен міндеттері бар. Күшіңізді қай салада сынағыңыз келетінін таңдаңыз.
Барлық бос орындарды көру ↗Біз кімдерді іздейміз
Біздің қағидаттарымыз
Іске, бір-бірімізге және нәтижеге деген көзқараста.
Ісімізге шын берілгенбіз және әрдайым іске кірісуге дайынбыз: жаңа мүмкіндікті дер кезінде байқап, бастаманы өз қолымызға аламыз да, кез келген идеяны нақты нәтижеге жеткіземіз.
Идеямызды үйреншікті шешімдермен шектемейміз. Батыл болжамдарды тексеріп, мүмкін емес көрінген істі жүзеге асырудың жолын іздейміз.
«Шын көңілмен „иә“ демесек, онда кесіп „жоқ“ дейміз». Жобалар мен адамдарды саналы түрде таңдаймыз.
Идея ұсыну және өсу мүмкіндігі жасқа, жынысқа, дипломға немесе бұрынғы мәртебеге байланысты емес.
Күшті жақтарымызды көбірек пайда әкелетін жерге бағыттаймыз. Назарымызды шашыратпаймыз.
Ешкім бақыламаса да адал жұмыс істейміз. Қиындықтар туралы ашық айтамыз.
Бір-бірінен үйренгенде өсеміз
Әркімнің тәжірибесі бүкіл команданың біліміне айналады.
Kazdream Academy
Қызметкерлердің жан-жақты дамуына жауапты бағыт. Оқытуды, кәсіби нетворкингті және техникалық қауымдастықтарды біріктіретін білім беру ортасын құрамыз. Командалар бір-бірінен үйренуі үшін қызметкерлерге білім бөлісуге және тренер болуға көмектесіп, ішкі сараптаманы дамытамыз.
Білім беру ортасын толтыратын форматтар
Бұл — команданы басқаруға немесе жеке бағытқа жауапкершілік алуға дайын мамандарға арналған көшбасшыларды дамыту бағдарламасы.
- Өндірістік командалар мен дивизиондардың сұранысы бойынша авторлық курстар мен тренингтер
- Электрондық курстар кітапханасы бар ішкі LMS-платформа
- Техникалық митаптар мен конференциялар
- Тегін корпоративтік кітапхана және пайдалы материалдарға тоқсан сайынғы шолулар
Тоқсанына бір рет компанияның корпоративтік мәдениетін терең түсіну үшін Дәурен Төлебаевпен ашық кездесулер ұйымдастырылады.
Біздің дәстүрлеріміз
Ортақ кездесулер бір-бірімізді тануға және өзімізді үлкен команданың бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі.
Жылына бір рет қорытынды шығарамыз, тәжірибе бөлісеміз және басқа компаниялардағы әріптестермен танысамыз.
Кеңседен шығып, командалық белсенділіктерге қатысып, бірге демаламыз.
Холдинг командалары арасындағы турнирлер және маусымдық фестивальдер.
Ең бастысы — адамдар
Жұмыс істеуге, өсуге және өзіңе қамқор болуға ыңғайлы жағдай жасаймыз.
Кеңседегі және қашықтан жұмысты ұштастырамыз.
Подкаст бөлмесі, кітапхана, PlayStation және үстел ойындары.
Күн сайын 8:00-ден бастап.
Медициналық қызмет шығындарын өтеу.
Спортзал мен жабдық шығындарын өтеу.
Штаттық оқытушылар сабақ береді, сабақтар жұмыс уақытында өтеді.
Маңызды өмірлік оқиғалар кезіндегі қаржылық көмек.
Алғашқы күні сәлемдесу жиынтығы.
Туған күнге және командада өткізген жылдарға орай.
Белсенділік үшін берілетін және Kazdream мерчіне айырбасталатын корпоративтік валюта.
Командамыздың оқиғалары
Ашық бос орындар
Холдингтің 8 компаниясына адамдар іздейміз: инженерлер, аналитиктер, өнім және коммерция мамандары.
Барлық бос орындарды көру ↗Өзіңіз туралы қысқаша ақпарат қалдырыңыз: біз түйіндемеңізді сақтап қоямыз, ал лайықты лауазым ашылған кезде өзіміз хабарласамыз.